Алматыда ер адам сегіз жасар ұлын қайыр сұрауға мәжбүрлеген

7 Желтоқсан 2023, 16:45 899

Алматыда өгей әкесі сегіз жасар ұлын қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысының полиция департаменті, облыстық прокуратура қызметкерлері және басқа мүдделі органдарымен бірлесіп “Бақытты және қауіпсіз балалық шақ” жобасы жүзеге асырып жатыр. Мобильді топтар 800-ден астам отбасына барды.

Тексеру барысында сегіз қылмыстық іс қозғалып, 73 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 27 бала отбасынан алынды. Сотқа ата-ана құқығын шектеуге қатысты тоғыз талап-арыз түсті.

Өгей әкенің сегіз жасар баланы қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлегені анықталды. Бала бір жыл бойы қайыр сұрап, жиналған ақшаны өгей әкесіне ішімдік сатып алуға жұмсаған, - деп хабарлады прокуратура.

Айта кетейік, бұл жоба балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған, оның негізгі мақсаты зорлық-зомбылық қаупінде тұрған немесе оған ұшыраған балаларды анықтау.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: