Алматыда көлік ұрлап қолға түскен күдікті ер адам полицейлердің қызметтік машинасында өзіне қол салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.
Оқиға Алматының Жетісу ауданында болды. Ер адам тергеу тобының көлігінде өз-өзіне қол салған.
«Қайтыс болған 43 жастағы И. есімді азамат өзінің танысының «Toyota» автокөлігін ұрлады деген күдікпен ұсталған. Сараптама қорытындысына сәйкес, марқұм мас болған. Мән-жайлар анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.