Алматыда ер адам автобус контролерін пышақпен жарақаттады

21 Қараша, 16:56 414

Алматыда ер адам автобус контролерін ас үй пышағымен жарақаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Келеңсіз жайт Алматының Наурызбай ауданындағы соңғы автобус аялдамасында болған. Белгіленбеген жерде шылым шегіп тұрған 38 жастағы ер адамға автобус контролері ескерту жасап, екеуі сөзге келіп қалған.

Сонан соң ер адам автобус салонына жүгіріп кіріп, контролерді пышақпен жарақаттаған. Жедел жәрдем қызметкерлері оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізді. Аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.   

Бұл жайт бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Күдікті тез арада ұсталып, уақыша ұстау изоляторына қамалды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: