Алматы қаласында белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан 47 жастағы ер адамды автобус қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқыс оқиға таңғы сағат 05.20 шамасында болған.«Iveco» маркалы автокөлігін тізгіндеген Ж. есімді азамат Бұқтырма көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Майлин көшесіне оңға бұрылу кезінде И. атты жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.
«Аталған дерек бойынша Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сараптама тағайындалды», - деп хабарлады полиция.