Әлеуметтік желіде Алматы әуежайында бойжеткенді шашынан ұстап, пышақ кезеп тұрған видео тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 7 наурыз күні сағат 11:45-те ішкі терминалда болған.
Әуежай мәліметінше, ер адам жолаушы секілді ұшу алдындағы тексеріс аймағына барған. Қызметкерлер одан құжаттарын көрсетуін сұрағанда, ол кенеттен қауіпсіздік қызметкеріне пышақ кезенген.
Араға 7 минут салып қаскөйді полиция қызметкерлері ұстады. Қазіргі таңда ол қамауға алынды, құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп жатыр.