Алматыда ер адам екі ұлын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Балалардың үлкені 5 сыныпта, кішісі 2 сыныпта оқыған. Оқиға өткен аптада жалдамалы пәтерлердің бірінде болған. Әжеcінің қарауында болған балаларды әкесі ауруханаға апарамын деп алып кеткен.
Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.
Алмалы аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сараптама тағайындалды, - деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
Әкесінің өз ұлдарын неге өлтіргені анықталып жатыр.