Алматыда екі қабатты дәмхана өртенді

12 Тамыз, 21:43 968

Алматыдағы екі қабатты дәмханада өрт шықты. Оқиға Бостандық ауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Өрт сөндірушілер дәмханадан үш газ баллонын алып шыққан.

Төтеншеліктер қызыл жалынды толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысындағы Шәуілдір ауылында үш қабатты тұрғын үйде өрт шыққан болатын. Оқиға орнынан төтеншеліктер 9 газ баллонын қауіпсіз аймаққа алып шықты.  

 

Зарина Арман
Бөлісу: