Алматыда екі ер адам колонияға тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған

19 Наурыз, 21:43 684

Алматы облысының ҚАЖД қызметкерлері тыйым салынған заттарды колонияға лақтыру фактісінің алдын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №57 мекеме қызметкерлері тыйым салынған заттарды колония аумағына лақтырмақ болған екі ер адамды ұстады.

Оқиға орнынан пакеттермен оралған түйіншек тәркіленді. Ішінен бір пакет және көлемі 1 литрлік насыбай толы бөтелке, үш телефон мен төрт қуаттағыш құрылғы табылды.

Ұсталған адамдардың жеке бастары анықталып, болған жәйтқа қатысты материалдар Қонаев қаласының полиция бөліміне жіберілді.

Перизат Саденова
Бөлісу: