Алматыда егде жастағы әйелдерді тонаумен айналысқан күдікті қолға түсті

1 Қыркүйек 2023, 17:45 1088

Алматыда егде жастағы әйелдерді тонаумен айналысқан күдікті қолға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әуезов аудандық полициясының мәліметінше 27 жастағы Б. есімді күдікті тек қана егде жастағы әйелдерді тонап келген. Кей жағдайларда ол тал түсте өзінің арам пиғылын жүзеге асырған.

Ол егде жастағы әйел адамдардың әшекей бұйымдарын ашық түрде тартып алып, із жасырып жүрген. Күдікті қамауға алынды. Тергеудің бастапқы кезеңінде осы іспеттес 12 қылмыс жасағаны белгілі болды. Басқа да жәбірленушілер анықталып жатыр. Қолды қылған әшекей бұйымдарды ол қала базарларының бірінде саудалап үлгерген. Қазіргі таңда, ұрланған мүлікті сатып алған тұлғалар іздестіріліп жатыр. Оларда қылмыстық жауапкершілікке тартылады, – деп мәлімдеді Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сәйкес кез-келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Равиль Ашығали
Бөлісу: