Алматыда дерматология орталығының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

22 Шілде, 16:53 562

Республикалық Дерматология ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасары сыбайлас жемқорлықпен жасады деген күдікке ілікті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикор мәліметінше, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Олар медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасқаны үшін халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының басшысынан 5 млн теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді, - делінген мәліметте.

Соттың санкциясымен орталықтың басшысы қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: