Алматыда дене шынықтыру мен спортты дамыту бағыттары талқыланды

Кеше, 03:16 413

Алматыда жас ғалымдар бас қосқан «Дене шынықтыру, спорт, туризм, білім және ғылымды дамытудың басым ғылыми-педагогикалық бағыттары» атты III халықаралық форум өтті. Оған Ұлттық ғылым академиясының өкілдері және жас, жетекші ғалымдар мен өндірістегі мамандар қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Форумды цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу арқылы, халықты бұқаралық спортқа тарту, орта білім беру мекемелерінде дене шынықтыруды жаңартылған бағдарлама негізіжұмыстары талқыланды. Сондай-ақ, туристік қызметтерді цифрландыру, инклюзивті туризмді дамыту мен жаңа буын кадрларын даярлау, экологиялық, емдеу-сауықтыру мен мәдени туризмнің болашағы, сондай-ақ спорттық туризмнің дамуы сияқты өзге де мәселелер қаралды.

Қазақ спорт және туризм академиясында өткен басқосуда ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Серік Байтұрсынов  студенттермен брейн-ринг өткізді. 

Стартаптар сайысында студенттер жасанды интеллект элементтері бар интеллектуалды мейрамхана, кино-кафе, қонақтардың көңіл-күйін мәзір мен атмосфера арқылы өзгерте алатын Mood-Food жобасын таныстырды. Сондай-ақ қонақжайлылық саласын роботтандыру мен цифрлық трансформациялау сияқты жобаларды қарастырып, қазылар алқасынан әділ бағаларын алды. 

Асқар Таудай
Бөлісу: