Алматыда демалыс күндері қатты жауын жауады

10 Наурыз 2023, 22:00 1029

11-14 наурызда Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуынан және қатты жауын шашынның күтілуіне байланысты қар көшкіні болуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазіргі уақытта Алматы қаласының тауларында көшкіндердің жаппай түсуі байқалады. Тек соңғы үш күнде 14 қар көшкіні өздігінен түсті. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Мамандар көшкін қаупінің жоғары деңгейі байқалады»,- деп хабарлады ведомстводан.

Синоптиктердің болжамынша, 12 наурызда қатты жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

EL.KZ
Бөлісу: