28 наурыз күні сағат 18:10-да тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға қаладағы Ұлжан-1 шағын ауданындағы Ақжазық көшесінде болған. Өрт сағат 18:56-да ауыздықталып, 19:06-да сөндірілді. Жеке тұрғын үйдің шатыры жанған.
Қызыл жалынды ауыздықтауға 14 техника бірлігі, жеке құрамнан 61 адам жұмылдырылды.
Мамандар өрт себебін анықтауда, ал куәгерлер оған найзағай себеп дегенді алға тартады.