Алматыда дәрігерлер баланың башпайын бармағына ауыстырып салды

4 Қазан 2023, 23:51 716

Алматыда №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасының базасында аяғы мен қолында сирек патологиясы бар балаларға операция жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

№2 БҚКА травматолог-микрохирургтары және әлемге әйгілі микрохирург, Мәскеу қаласының РБНУ травматология және ортопедия кафедрасының профессоры Игорь Голубевпен бірге 6 пациентке операция жасалды.

"Мейірімділік "ерікті қоғамдық қоры" мен Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен өткен үш күндік практикалық тәжірибе алмасу шеңберінде күрделі микрохирургиялық операциялар жасалды.

Аяқ-қолдарында туа біткен және жүре пайда болған ақаулары бар алты қазақстандық балаға жасалған операция сәтті аяқталды.

Менің немеремнің туған кезде оң қолының білегі болмады, ал сол қолының бас бармағы толық дамымаған болды. Қызым "Мейірімділік" қоғамдық қорына жүгінді, баланы зерттеп-қараудан кейін дәрігерлер аяқтың бармағын сол қолға ауыстырып салуға болатынын айтты. Бұл оған сол жақ қолымен зат ұстауға, сол жақ қолымен толық жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Болашақта мектепке барғанда сол қолымен қалам ұстап, жаза алады, - дейді баланың әжесі Мира Калибекова.

Даму жағынан бала өз қатарынан қалмайды, оның барлық анализдері қалыпты.

Мүбарак оң қолдың аплазиясымен және сол қолдың бас бармағы мен ортаңғы саусағының фалангаларысыз дүниеге келді. Бала жүреді, ойнайды, ата-анасы оған оң білегіне косметикалық протезге тапсырыс берді. Даму жағынан бала өз қатарынан қалмайды, оның барлық анализдері қалыпты. Бармақты қолға трансплантациялау операциясы сегіз сағат жасалды. Мүбаракқа қалпына келу қажет. Мұнда жасалған барлық операция әртүрлі сипатта болды. Оның ішінде туа біткен ақаулар да, жарақат алғаннан пайда болған ерекшеліктер де бар, - деп сөзін қорытындылады №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасының директоры Марат Рабандияров.

Берік Арманов
Бөлісу: