Алматыда дүнген этносының фестивалі өтеді

31 Қазан 2019, 17:28 3225

1 қарашада сағат 10.30-да Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстанның дүнгендер қоғамының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Достық үйінде (Құрманғазы көшесі, 40) «Қазақстан дүнгендері: мәдениеті мен дәстүрлері» атты мерекелік іс-шара өтеді.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің, Қазақстанның дүнгендер қоғамы филиалдарының өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен ҚХА жастар қанаты қатысады деп күтілуде.

Іс-шара аясында суретші А.Кәрімовтің «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» атты суреттер көрмесі, ескі заманның нысандарын көрсететін Қазақстан дүнгендерінің ұлттық қолданбалы өнерінің көрмесі, «Шеберлер қаласында» ұлттық тағамдар жасаудан, кесте тігуден және шашты сәндеу үлгілерінен шеберлік сыныптары өтеді.

Ұйымдастурышалрдың ақпаратына сәйкес, дөңгелек үстел барысында дүнген этностарының жарқын өкілдері мен шақырылған қонақтар ой-пікірлерімен бөліседі. Осыдан кейін мерекелік бағдарлама «Щи» ұлттық дүнген тағамдарының дәмін татып, Қазақстанның дүнгендер қоғамының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.

Бөлісу: