Алматыда БҰҰ-мен ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды

19 Тамыз 2023, 05:34 1144

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ-ның Алматыдағы ғимараты «UN Plaza»-ға барып, Қазақстанда аккредиттелген БҰҰ агенттіктері өкілдіктерінің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы БҰҰ-ның Қазақстанда болуының 30 жылдығымен құттықтап, осы кезеңдегі еліміз бен жаһандық ұйым арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті.

Министр Қазақстанның көпжақты әріптестікті дамытудың маңыздылығы жөніндегі ұстанымын айта келе, «Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың геосаяси фрагментациясының қазіргі белгілерін болдырмауға баса назар аудара отырып, теңгерімді көпвекторлы прагматикалық сыртқы саясатты жалғастыруға ұмтылатынын» мәлімдеді.

Қазақстанның Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру бастамасына ерекше назар аударылды. «Қазақстан өңірде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі. Бұл Өңірлік орталық бүкіл аймақтың тұрақты дамуы мен өркендеуіне қол жеткізудің ұйытқысы болатынына сенімдімін», – деп атап өтті Министр.

БҰҰ-ның өңірлік мандаты бар агенттіктері Алматыда орналасқанын назарға ала отырып, тараптар Ұйым аясындағы өңірлік ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің алдында тұрған өзекті мәселелер бойынша жобалық іс-шараларды талқылады.

Өз кезегінде БҰҰ өкілдері ұйым құрылымдарының ағымдағы қызметі және оны дамытудың басымдықтары туралы хабардар етті. Өңірлік және елдік деңгейде тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметіне жәрдем көрсетуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

«UN Plaza» ғимаратының ресми ашылу 2019 жылдың мамыр айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтті. Бүгінгі таңда Алматы қаласындағы БҰҰ ғимаратында штаттық саны 120 адамнан асатын 18 агенттік орналасқан.

Бұл ғимараттың ресми ашылу рәсімі 2019 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтті. Бүгінгі таңда, Алматыдағы БҰҰ ғимаратында 120 адамнан штаты бар 18 агенттік орналасқан.

Берік Арманов
Бөлісу: