Алматыда бірқатар көкөніс бағасы тұрақталады

17 Шілде, 11:52 567

Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде «Алматы» ӘКК «Magnum Cash&Carry» ЖШС-мен ӘМАТ-тың төрт позициясын сатып алуға қарыз шартын жасасты. Қала әкімдігінің мәліметінше, олардың арасында картоп, сәбіз, пияз және қырыққабат бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көкөніс өнімдерінің бағасын тұрақтандыру 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 30 сәуірге дейін жүзеге асырылады. Көрсетілген кезеңде әр айға ӘМАТ жеке шекті бағасы белгіленетін болады.

Маусымдықты ескере отырып, тұрақтандыру кезеңінде сөрелердегі сәбіздің орташа шекті құны 171 теңгені, картопқа – 168 теңгені, қырыққабатқа – 140 теңгені, пиязға – 114 теңгені құрайды.

Сатып алынатын ӘМАТ жалпы көлемі 10 мың тоннаға жетеді. Өнім тауар өндірушілерден сатып алынады және тіркелген төмендетілген бөлшек бағамен сатылады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: