Алматыда бір топ адам жалған ақша сатпақ болған

24 Шілде 2023, 09:36 889

Алматыда 100 долларлық купюраларды сатпақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, бір топ жеке тұлға криптовалюталарды сатып алу желеуімен жалпы сомасы 20 300 АҚШ доллары болатын жалған 100 долларлық купюраларды сатуды көздеген.

Оқи отырыңыз:

Көлік құралын тексеру барысында ұсталғандардың бірінен 3 дана жасанды 100 АҚШ доллары қолма-қол ақша табылып, тәркіленді. Мамандардың қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған 2006 және 2017 жылғы үлгідегі жалпы сомасы 20 600 долларын құрайтын банкноттар АҚШ Федералдық резервтік банкі шығарған банкноттарға сәйкес келмейді, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдіктілерге қатысты «қамау түріндегі» бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: