Алматыда Бибігүл Төлегенованың мерейтойына арналған кеш өтті

Кеше, 19:38 293

Алматыда Қазақстанның опера және кино өнерінің аңызы Бибігүл Төлегенованың мерейтойына орай концерт өтті. Биыл 95 жасқа толған халық артисі 75 жылын сахнаға арнап, қазақстандық музыкалық мәдениеттің символына айналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдіктің мәліметінше, концертті Александр Беляков басқарған эстрадалық-симфониялық оркестр ашты. Сонымен қатар «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры мен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солистері, халықаралық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетті. Олар Моцарт, Бизе, Россини және басқа да композиторлардың операларынан үзінділер орындады. Ал «Салтанат» ансамблінің «Шашу» биі кештің көрігін қыздыра түсті.

Кеш барысында Латиф Хамидидің атақты «Бұлбұл» романсын Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова орындап, тыңдарманның жүрегін тербеді.

Концерттік шарықтау шегі Бибігүл Төлегенованың өнер көрсетуі болды. Ол Вердидің операсынан ария және көпшілікке сүйікті «Көктем әнін» орындап, көрермендерді тәнті етті. 

 

Зарина Арман
Бөлісу: