Алматыда бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты

24 Қазан, 09:06 350

Алматылық құтқарушылар өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, бүгін таңертең Алматы қаласы Бостандық ауданы Жарокова көшесі бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабаттағы пәтерде бөлме мен балкон өртенді.

Қабылданған шаралардың арқасында өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Өрт сөндірушілер қызыл жалын шарпыған 15 шаршы метр алаңды сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда, - делінген мәліметте.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін тұрғындар өздері далаға шыққан. Тұрғындарды жылыту үшін өрт орнына арнайы техника жіберілді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: