Алматыда баланы тепкен Түркия азаматы екі айға қамалды

26 Шілде 2023, 09:28 901

Алматы облысының Қарасай аудандық тергеу соты сауда орталықтарының бірінде кішкентай қыз баланы тепкен Түркия азаматына қатысты бұлтартпау шарасын қолданды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, Түркия азаматы тергеу кезінде екі айға дейін қамауға алынды. Мұндай бұлтартпау шарасын күдіктіге қатысты Қарасай аудандық тергеу соты қолданды.

Оқи отырыңыз:

25 шілде күні Түркия елшілігі болған жайтқа қатысты өкініш білдіріп, бүлдіршіннің тезірек жазылып кетуіне тілектестігін жеткізген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: