Алматылық құтқарушылар өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Наурызбай ауданында Жуалы көшесінде орналасқан екі қабатты ғимараттың екінші қабатында азық-түлік дүкені өртенді.
Өрт сөндіру жасақтары келген кезде азық-түлік дүкені ашық жалынмен жанып жатты. Жанында тұрған құрылыстарға өрттің таралу қаупі болды. Өрт сөндірушілер өрттің таралуына жол бермей, 40 шаршы метр алаңдағы өртті жедел түрде сөндірді, - делінген мәліметте.
Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.