Алматыда Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдениет орталығының филиалы ашылды

20 Қараша 2018, 12:57 2324

Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдениет орталығының кеңейтілген жиналысы өтті. 

Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Халқы Ассамблеясы кеңісінің мүшесі, Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдениет орталығының төрағасы Шаймардан Нұрымов Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 5-қазандағы Жолдауындағы негізгі ережелеріне тоқталып, әріптестерін оны жұмыла орындауға шақырды.

Сонымен қатар Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдениет орталығының Алматы қаласында бөлімшесін ашу мәселесі қарастырылып, оның төрағасы сайланды. Оған белгілі хирург Абдуллам Жаппаров сайланды.

Бөлісу: