Алматыда әйелдің басын кесіп, базарға тастап кеткен ер адам ұсталды

24 Сәуір 2023, 09:41 1885

Алматыда жантүршігерлік қылмыс көпшілік жиі баратын базарда болған  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі  Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

 Күдікті деп 60 жастағы ер адам ұсталған. Ол бас салынған қолындағы пакетті шамамен сағат 12-нің кезінде шұжық сататын дүкенге тастап кеткен. Оған дейін базар ішін арлы-берлі 3-4 рет айналып жүрген көрінеді. 

Сатушы пакетті ашқанда ішіндегі басты көріп, есінен танып қала жаздаған. 

Сол күні базар жанындағы саябақ маңындағы қараусыз қалған ғимарат жанынан таңғы сағат 9 шамасында әйелдің мәйіті табылып, жеке басы анықталды. 1976 жылы туған әйел бұрын бірнеше рет сотталған.

Оқиғаға қатысты Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек: «Тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған.  Біраз уақыттан кейін сол маңдағы сауда орындарының бірінен әйелдің басы табылды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша,  Түрксіб аудандық  Полиция басқармасымен Қылмыстық кодекстің  99-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр», – деді.

Тергеу әлі де жүргізілуде.

Равиль Ашығали
Бөлісу: