Алматыда әйел кісі пышақпен жүр: полиция мәлімдеме жасады

13 Қараша 2023, 17:05 1128

Алматы қаласында жанармай құю бекетінде пышақпен жүрген әйелдің видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Полиция бұл дерекке қатысты мәлімдеме жасады.

Видео Telegram-арналардың бірінде пайда болған.  Әйел патрульдік полиция экипажы ұстап, Медеу аудандық полиция басқармасы жанындағы бөлімге жеткізілді.

Ол бейадекват күйде болған. Әйел психологиялық бейіндегі дәрігерлерге білікті көмек көрсету үшін берілді, - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: