Алматыда тұрғын үй кешенінде әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматыда көпқабатты тұрғын үй кешенінің ауласынан таңертең әйел адамның денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол 18-қабаттан құлаған болуы мүмкін. Оқиға шамамен таңғы 6:30-да болған. Қайтыс болған азаматшаның жасы 25 пен 35 аралығында деп болжанып отыр.
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл факті бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі уақытта оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.