Алматыда автобустардың соқтығысуынан 17 адам зардап шекті

13 Ақпан, 13:12 747

Алматыда автобустардың соқтығысуынан он жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға салдарынан зардап шеккен 14 адамды жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жеткізді. Қазір олар қабылдау деңгейінде тексеріліп жатыр.

Алматы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері науқастардың бәрінің жағдайы орташа ауырлықта, барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатқанын хабарлады.

3 адам ауруханаға барудан бас тартты.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: