Алматыда автобусқа соғылған көліктің жүргізушісі танымал продюсер болып шықты

28 Маусым, 05:38 1430

Алматыда автобусқа соғылған автокөлік тізгінінде белгілі кинопродюсер болған көрінеді. 28 жастағы әйел қазір қамауда . Дереккөзге сенек, медиакомпания продюсері елдегі танымал криманал драмалардың түсірілімінде жетекшілік еткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Алайда кинокомпания бұл ақпаратты растамады, жоққа да шығармады.

Кеше Мақатаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында болған жол апатынан бір адам қаза тауып, 25-і жарақаттанды. «Киа» көлігі Мақатаев көшесімен оңтүстікке қарай келе жатып автобуспен соқтығысады. Қоғамдық көлік оң қапталдағы дүкенді жайпап өтіп бір-ақ тоқтайды. Артынша полиция кроссовер тізгіндеген жүргізуші әйелді уақытша ұстау изоляторына қамағаны белгілі болды.  Ал «Сити Бас» компаниясы апатқа қатысты жақ ашар емес. Тек қоғамдық көлікті тізгіндеген азаматтың тәжірибесі мол екенін айтудан әрі аспады. Осы жол апатынан қаза тапқан жігіт тапсырыс жеткізумен айналысқан көрінеді. Ал  зардап шеккен төрт адам әлі ауруханада жатыр.

Төрт ересек адам ауруханаға жатқызылды. Олардың аяқ-қолы сынған. Жағдайы орташа ауыр. Барлық қажет ем-домды толық алып жатыр. Қалған науқастар тексерістен өткеннен кейін амбулаториялық емге жіберілді, - дейді Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Ләйлә Иманғалиева.

Перизат Саденова
Бөлісу: