Алматыда автобус апатына кінәлі продюсер үйқамаққа жіберілді

2 Шілде, 13:27 577

26 маусым күні түс ауа Алматыда Мақатаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды. Алдын ала болжам бойынша, қиылыстан өтіп бара жатқан KIA көлігі 18-ші бағыттағы автобуспен соқтығысқан. Автобуспен соқтығысқан көліктің жүргізушісі  «5:32» сериалының продюсері екені анықталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жол апатына кінәлі жүргізуші ұсталып, 2 айға қамалған еді. Күдіктінің 4 айлық сәбиі болғандықтан, адвокат жеке шағым түсіріп, сот оны қанағаттандырды. Енді Сартаева үйқамаққа жіберілетін болды.

Қамауда ұстау қаулысы жойылды, жеке шағым толығымен қанағаттандырылды. Тергеу кезінде Әнел үйқамақта болып, баласына қарайтын болады, - деді Қанат Әлсейітов.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: