Алматыда ауладан өлі табылған әйелдің анасы жантүршігерлік жайттарды айтты

Кеше, 10:45 1703

Алматы іргесінде денесі сөмкеден табылған әйелдің өлімі туралы мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайтыс болған әйелдің анасы 39 жастағы қызын азаптап, айуандықпен өлтіргенін айтады.

Айта кетейік, мәйіт табылғаннан кейін екі күн өткен соң, күдікті ұсталды. Қайтыс болған әйелдің анасының айтуынша, күдікті қызымен бірге жалға алған пәтерге барған. Алайда ер адам пәтерден үш күннен кейін ғана шыққан, содан кейін қолында үлкен пакетпен қайта оралған, оған мәйітті салған болуы мүмкін екені айтылды.

Меніңше, бұл қылмысты бір адам жасамаған. Оның бетінде сау жер қалмаған. Алғашында оны тіпті танымай қалдым. Көзін ағызып, тістерін сындырған. Күдікті ішімдік ішіп, демалуға барғанын айтады. Сосын қызым жуынуға кіріп, құлап қалған-мыс. Ал ол қорқып, денесін лақтырып жіберген. Бірақ неге онда оның сау-тамтығы қалмаған? – деп қайтыс болған әйелдің анасы Жанна Тұрсынбаева мәлімдеді.

Әйелдің айтуынша, қызының өліміне үйді жалға беруші иесі де қатысты бар болуы мүмкін.

Полиция сот-медициналық сараптама тағайындады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: