Алматыда Ауғанстандағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері талқыланды

30 Қаңтар 2023, 13:13 1059

«KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі Қазақстан-Неміс университеті (ҚНУ) жанындағы ЮНЕСКО кафедрасымен және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп әйелдер кәсіпкерлігі тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Іс-шараның мақсаты бизнес жүргізу мәселелері бойынша дағдыларды нығайту және тәжірибе алмасу арқылы Ауғанстанның кәсіпкерлік саласындағы қатысушылардың әлеуетін арттыру болды. Спикерлер ретінде түрлі қызмет салаларындағы Қазақстанның кәсіпкер әйелдері сөз сөйлеп, өз баяндамаларын таныстырып, қатысушылармен пікірталас өткізді», деп жазылған СІМ таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бұл дөңгелек үстел Ауғанстаннан келген әйелдердің экономикалық құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталған KazAID, ҚНУ мен БҰҰ Даму бағдарламасының әйелдер кәсіпкерлігі саласындағы алғашқы бірлескен іс-шарасы.

EL.KZ
Бөлісу: