Алматыда ауған тауарларының көрмесі өтеді

Кеше, 22:33 142

2024 жыл 20 қазан күні сағат 15:00-де Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығында ауған тауарларының көрмесі ашылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көрмеде кілемдер, зергерлік бұйымдар, құрылыс тауарлары, тұрмыстық және өнеркәсіптік химия, көкөністер, жемістер мен азық-түлік өнімдері ұсынылады.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42.

Көрменің жұмыс уақыты:

- 20 қазан: 15:30–18:00

- 21–22 қазан: 10:00–17:30.

Зарина Арман
Бөлісу: