Алматыда әйел адам айналмалы дөңгелектен құлап қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматыдағы Горький саябағындағы әйел өліміне қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды. Алматы қалалық ПД мәліметінше, айналмалы дөңгелектен секіріп кеткен әйелдің Алматы облысының Іле ауданында тұратыны, өз-өзіне қол жұмсамас бұрын өз үйінде кішкентай қызын тұншықтырып өлтіргені анықталды.
Өз-өзін өлтіру ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - делінген ПД мәліметінде.