Алматыда әншілерді тақырға отырғызып кеткен алаяқ ұстады

17 Маусым, 13:44 1291

Алматы полициясы жалған композиторды ұстады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі хабарлағандай, 30 жастағы ер адам, ұжымдық арызбен жүгінген бірқатар музыканттарға қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Азаматтардың арызынан белгілі болғандай, 30 жастағы Ы.есімді азамат, өзін композитормын деп таныстырып, бөтен адамның туындысын бірден бірнеше орындаушыға сатып жіберген. Күдікті ұсталды. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен квалификацияланған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, — деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: