Алматыда әлеуметтік нысандар кезең-кезеңмен жылу беру басталды

11 Қазан 2023, 02:05 556

Қалада мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен емханаларға жылу беріле бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Медицина, білім беру ұйымдары мен өзге де әлеуметтік нысандарға 10 қазаннан бастап кезең-кезеңімен жылу беріледі, - деп хабарлады «АлЖЖ» ЖШС.

Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарды жылу жүйесіне қосу жоспарланған. Мұндай шешім осы ұйымдардың жұмыс ерекшелігін ескеріп қабылданды.

Жаңа жылыту маусымының басталуы метеорологиялық болжамдар мен Алматыдағы ауа райының күнделікті мониторингі негізінде айқындалады.

Алматы қаласында жылыту маусымына дайындау және өткізу ережесіне сәйкес, жылыту кезеңі температуралық режимді ескеріле отырып басталады.

Бұл ретте, тұтынушыларға жылу беру мынадай кезекпен жүргізіледі:

- балалар, емдеу, мектеп мекемесі, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер:

- тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер;

- әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;

- басқа да ғимараттар.

«АлЖЖ» ЖШС жылуды тұрғын үй басқару органдарына дейін жеткізеді, әрі қарай әр үйдің дайындығына солар жауапты. Тұтынушыларды жылумен жабдықтаудың ішкі жүйесіне қызмет көрсететін орындайтын апаттық (сервистік) қызметтер - ПИК, МИБ апаттық жағдай болмаса, жылу беруді өз бетінше орындауы керек немесе осы қызметті орындайтын мекемені жалдауға тиіс.

Берік Арманов
Бөлісу: