Алматыда Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағындағы жол жөндеу жұмыстары аяқталды

22 Шілде 2023, 17:21 815

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағындағы жол жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, С.Торайғыров көшесінен Достық даңғылына дейінгі даңғылдың оңтүстік жағына полимерлі асфальтбетон төсеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта аталған аумақта қозғалыс ашық. Назарбаев және Достық даңғылдарындағы бұрылыстар жөнделіп біткен.

Келесі кезең – даңғылдың солтүстік жағындағы орташа жөндеу. 22 шілде сағат 23:00-ден 24 шілде сағат 07:00-ге дейін Әл-Фараби даңғылының Жарбұлақ өзенінен Сейфуллин даңғылына дейінгі батыс бағытта қозғалыс толығымен жабылады. 22 шілде сағат 23:00-ден 24 шілде сағат 7:00-ге дейін Достық даңғылы, Назарбаев даңғылы, Меңдіқұлов бульвары мен Батыс Желтоқсан көшесіне дейін Әл-Фараби даңғылында батыс бағытқа қарай қозғалыс шектеледі, деді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

Қаладағы Жарбұлақ өзенінен Марков көшесі аралығында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады. Сондай-ақ, жол қозғалысы қауіпсіздігін патрульдік полиция қызметкерлері қамтамасыз етпек. Әл-Фараби даңғылының көлік магистралі бойынша жол жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіледі және оқу жылы басталғанға дейін аяқталады. 

Асқар Таудай
Бөлісу: