Алматыда ағаш кептіруге арналған цех өртенді

13 Тамыз, 22:31 896

Алматыда ағаш кептіруге арналған ұсталық цех жанды. Оқиға Алатау ауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Төтенше жағдайлар министрлігі бір қабатты нысандағы қызыл жалынды өрт сөндірушілер толығымен сөндіргенін айтты. Өрт алаңы 80 шаршы метрге жеткен. 

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.  

 

Перизат Саденова
Бөлісу: