Алматыда адамның бет-бейнесін танитын камералар орнатылады

12 Тамыз 2022, 23:06 1170

Адамның бет-бейнесін танитын бейнекамералар, шамамен, 2,2 метр биіктікте орнатылады.

Алматы әкімдігі халық көп жиналатын жерлерге адамның бет-бейнесін анықтайтын камералар орнатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды  El.kz.

"Ашық НҚА" сайтында талқылауға шығарылған құжатқа сәйкес, адамның бет-бейнесін танитын бейнекамералар, шамамен, 2,2 метр биіктікте орнатылады. Егер камераны мүмкіндігінше төмен орнатса, адамның бет-бейнесі анық түседі.

Бірыңғай видеомониторинг жүйесіне адам көп шоғырланатын әртүрлі объектілерде орнатылған және меншік иелерінің келісімімен коммерциялық ұйымдардың қолданысындағы бейнебақылау жүйелерін біріктіру жоспарланған.

– Алматы қаласының бірыңғай видеомониторинг жүйесі — қала бойынша бейнекескіндерді жинау, өңдеу мен сақтауды жүзеге асыратын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы. Ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі видеомониторинг ұлттық жүйесінің өңірлік бөлігі. Ол қала мәселелерін шешуде видеосараптама қалыптастыру функцияларын атқарады, — делінген құжатта.

Ал суреттің өлшемі 200х200 пиксельден кем болмайды.

Құжат 19 тамызға дейін талқылауға шығарылып отыр.

EL.KZ
Бөлісу: