Алматыда Абай ұлттық мектебі ашылады

13 Қараша, 21:41 436

Келер жылдың күзінде Алматыда Абай ұлттық мектебі ашылады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен мектептің іргетасын қалау шарасында белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жиынға Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Дулат Тастекей, академик Асқар Жұмаділдаев тағы да басқа азаматтар қатысты.

Аталған мектеп қазіргі таңдағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатының орнын баспақ. 

Абай ұлттық мектебінің миссиясысы сыни тұрғыдан ойлауға, қоғамға ізгі ниетпен қызмет етуге қабілетті, адал және жауапты Қазақстанның болашақ көшбасшыларын тәрбиелеу болмақ. 

Болашақта Абай ұлттық мектебінен зейіні ашық, көкірегі ояу, ұлттық мүдде жолында еңбек ететін лидерлер шығатынына шүбә жоқ. Осы жолда  аянып қалмаймыз, ұшқан ұямызға қолымыздан келер дүниенің барлығын жасаймыз, - деді, меценат Дулат Тастекей.

Жаңа мектеп бұрынғы “Бөбек” қорының аумағында бой көтереді. 

Перизат Саденова
Бөлісу: