Алматыда «ABADAN CUP 2025» кёкушинкай каратэ турнирі сәтті өтті

14 Ақпан, 08:38 577

Алматы қаласындағы Sadu Arena татамиінде кёкушинкай каратэ бойынша аймақтық ашық турнир – «ABADAN CUP 2025» өтті. Жарысты Алматы қаласындағы World Kyokushin Karate спорттық жекпе-жек федерациясы ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жас спортшылар үшін маңызды іс-шара

Турнирге Қазақстанның бес өңірінен – Алматы, Астана, Ақмола облысы, Алматы облысы және Жетісудан келген 400-ге жуық спортшы қатысты. Оннан астам команда татамиге шығып, өз шеберліктерін, шыдамдылықтарын және жауынгерлік рухтарын көрсетті.

Күшті жекпе-жектер және әділ сайыс

Қатысушылар өздерінің жас және салмақ дәрежелері бойынша бақ сынап, ең мықты спортшыларды анықтады. Турнир кёкушинкай рухында – құрмет, жанкештілік және жеңіске деген ұмтылыс қағидаттарына сай өтті.

Турнирдің мақсаты

Бұл жарыс Қазақстандағы кёкушинкай каратэнің дамуына және танымал болуына ықпал етуді, спорттық дәстүрлерді нығайтуды, сондай-ақ жас буынның жігерін, тәртібін және өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыруды көздейді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер

Жарыстың қорытындысы бойынша 66 санатта үздік спортшылар анықталды. Олар жоғары дайындық деңгейін, беріктік пен техника шеберлігін көрсетті. Әсіресе төмендегі спортшылар ерекше жетістіктерімен көзге түсті:

Ката бойынша

1. Квасов Керил – 1-орын (жасы көрсетілмеген, Астана турнирі)

2. Амангелді Қайсар – 10-11 жас, 1-орын

Кумитэ бойынша

1. Көшербай Зейін – 5 жас, 20 кг дейін, 1-орын

2. Ширинов Али – 4-5 жас, 16 кг дейін, 1-орын

3. Айдарбек Ерасыл – 8-9 жас, 40 кг жоғары, 1-орын

4. Амангелді Қайсар – 10-11 жас, 1-орын

5. Ниязбкұлы Абдинұр – 10-11 жас, 40 кг дейін, 1-орын

6. Сабыр Томирис – 10-11 жас, 40 кг дейін (қыздар), 1-орын

7. Оралбеков Нұрислам – 12-13 жас, 55+ кг, 1-орын (ABADAN CUP)

8. Харитонова София – 14-15 жас, абсолюттік категория, 1-орын

9. Шабанов Расул – 16-17 жас, 55 кг, 1-орын

10. Жандосқызы Айя – 16-17 жас, абсолюттік категория (қыздар), 1-орын.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: