Алматыда 8 жаңа қала маңындағы маршрут іске қосылады

13 Қараша, 17:40 360

Мегаполисті агломерациямен байланыстыратын көлік қатынасын жақсарту мақсатында Алматыда қала маңындағы жаңа маршруттар ашылып жатыр. Алматы қалалық мобильділік басқармасы Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай және Жамбыл ауданыдағы елді мекендерді қамтитын 8 жаңа маршрут ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осылайша, 13 қарашадан бастап тасымалдаушы «НұржасТранс» ЖШС №218, 238, 246, 248, 250, 255 маршруттарына қызмет көрсетуге кіріседі. «Төле би/Яссауи автобекеті – А.Тоқпанов ауылы» бағыты бойынша №218 маршрутта 5 автобус жүреді. Қозғалыс 5:30 басталып, 23:00 аяқталады.

«Төле би/Яссауи автобекеті – Көктөбе ауылы» бағыты бойынша №238 маршрутта 3 автобус жүреді. Қозғалыстың басталуы – 5:30, аяқталуы – 23:00. «Барлық базары – Кемертоған ауылы» бағыты бойынша №246 маршрутта 3 автобус жүреді. Қозғалыстың басталуы – 5:30, аяқталуы – 23:00. «Барлық базары – Шолаққарғалы ауылы» бағыты бойынша №248 маршрутта 2 автобус жүреді. Қозғалыстың басталуы – 6:00, аяқталуы – 22:00. «Мамыр-7 шағын ауданы – Қырғауылды ауылы» бағыты бойынша №250 маршрутта 2 автобус жүреді. Қозғалыстың басталуы – 5:30, аяқталуы – 23:00.«Алматы-1 теміржол вокзалы – Жауғашты ауылы» бағыты бойынша №255 маршрутта 2 автобус жүреді. Қозғалыстың басталуы – 5:30, аяқталуы – 23:00.

Сонымен қатар, 11 қарашадан бастап «Жас Транс» ЖШС-не №241 және №242 маршруттары берілді.

«Жетісу базары – Қойшыбек ауылы» бағыты бойынша №241 маршрутта 3 автобус жүреді. Қозғалыстың басталуы – 6:00, аяқталуы – 22:00.

«Жетісу базары – Базаркелді ауылы» бағыты бойынша №242 маршрутта 3 автобус жүреді. Қозғалыстың басталуы – 6:00, аяқталуы – 22:00.

Айта кету керек, жолаушылар мен жүкті автокөлікпен тасымалдау ережесіне сәйкес, аталған маршруттар байқау өткізілгенге дейін тасымалдаушыларға уақытша беріліп, сынақ режимінде жұмыс істейді. Соның нәтижесінде жолаушылардың легі мен тұрғындардың қажеттілігі ескеріліп, қозғалыс сызбаларына өзгерістер енгізіледі.

Еске салайық, мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен өткен жылдан бастап әкімдік 41 қала маңындағы маршрут ұйымдастырып, 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алды. Биыл тағы 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электроавтобус сатып алынды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: