Алматыда 73 жастағы әже лифт шахтасына құлап кеткен

19 Қыркүйек 2023, 11:03 1277

Алматыда аурухананың бірінде лифті істемей, соның салдарынан 73 жастағы әже шахтаға құлап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мұны жәбірленушінің немересі Instagram парақшасында мәлімдеді. Оқиға Алматы ревматологиялық орталығында болған.

17 қыркүйекте әжем Алматы қаласының қалалық ревматологиялық орталығына жоспарлы емделуге барды. Ол бұрын тізесіне ота жасағандықтан (тізе буындарын эндопротездеу), оған баспалдақпен көтерілу өте қиын. Сол күні оларда лифт жұмыс істемеген екен. Бірақ әжем бұл туралы білмегендіктен лифт шақырады да, биіктігі 1.3 метр шахтаға құлайды. Онда лифт істемейді деген белгі де, жазу да болған жоқ!, – дейді алматылық тұрғын.

Немересінің айтуынша, соның салдарынан фибуласы және төрт қабырғасы сынған, миы шайқалып, денесі көгеріп, сырылған және әже шок алған.

Бейнебақылау камераларының жазбаларында құлау сәті жоқ екен.

Аурухананың жетекшісі лифт істемейді деген жазу болғанын, бірақ оны біреу жұлып алғанын айтады. Бірақ бейнекамерада оның құлаған сәті жоқ дейді, бірақ әжемнің шахтадан шығарылғанын түсіріп үлгердім, – дейді жігіт.

Айтуынша, басшылық бейнекамера жазбаларын өшіріп үлгерген.

Равиль Ашығали
Бөлісу: