Алматыда 57 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды

9 Қазан, 03:26 413

Алматыда 1967 жылы пайдалануға берілген Сүйінбай даңғылындағы құбырды ауыстыру жұмыстары аяқталды. Ұзындығы 644,5 метр болатын жаңа учаске қазір 3 көпқабатты және 1 жеке үйді жылу мен ыстық сумен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдіктегілер биыл қаланың алты ауданында 20 шақырым жылу желісі қайта жаңғыртылатынын атап өтті. Барлық жұмыс жылыту аралық кезеңге жоспарланған қайта құру жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Қайта құру жүргізілген учаскелерді абаттандыру ауа райына байланысты кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Қозғалысты шектеуге қатысты ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында және 2GIS және «Яндекс карталар» сервисінде жарияланған.

Зарина Арман
Бөлісу: