Алматыда 5 күн бұрын жоғалған жасөспірім аман-есен табылды

17 Наурыз, 16:20 966

Алматыда бірнеше күннен бері іздестіріліп жатқан оқушы бала аман-есен табылды. 14 жасар жасөспірім 13 наурыз күні кешкі сағат 18.00 шамасында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, кәмелет жасына толмаған баланы Нұркент шағын ауданындағы "Алматы Арена" спорт кешенінің маңынан табылған.

Жасөспірімді іздеу операциясына жедел уәкілдер, ювеналды полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: