Алматыда 4 мыңға жуық адам жүргізуші куәлігінен айырылды

Бүгiн, 08:41 185

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, өткен жылы Алматы жолдарында 2 мың 508 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот 3 мың 993 адамды жүргізуші куәлігінен айырды. 2 мың 365 жүргізушіге қатысты әкімшілік қамау шарасы қолданылды.

Осыған байланысты полиция дабыл қағуда. Себебі статистика жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Тәртіп сақшылары жұртшылық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Оған ел арасында белгілі тұлғалар  тартылды. Яғни, спортшылар, әншілер, әртістер мен танымал тұлғалар өздерінің бейнежолдауларында жүргізушілерді мас күйінде рөлге отырмауға шақырады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: