Алматыда 32 мыңнан астам адам табыс декларациясын тапсырмаған

18 Қыркүйек, 09:05 367

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Қала бойынша табысы туралы есебін 340 мыңға жуық адам өткізуге міндетті. Бірақ олардың 32 мыңнан астамы декларация тапсырмаған.

Есепті өткізбеген тұлғалар туралы мәліметтер тексеріледі. Егер заң бұзушылық анықталса, алдымен ескерту беріледі, ал оны елемегендерге 55 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Егер азаматтар ақпаратты толық көрсетпесе, 11 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: