Алматыда 3 баласының алдында асылып қалған әйелге қатысты деректер белгілі болды

21 Шілде 2023, 11:07 1677

Алматыда үш баланың анасы өзіне-өзі қол салғаны туралы ақпарат таралған еді. Жас ана перзенттерінің көзінше өз пәтерінде асылып қалған. 7 жасар қызы «Анам өлді» деп терезеге айқай салған соң, көршілері дереу жедел жәрдем шақырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Көршілері 1994 жылғы әйелді өмірге құштар, мейірімді, ақжарқын адам еді деп еске алады. Жақын араласқан құрбылары ол мұндай қадамға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кесірінен баруы мүмкін деп отыр. Олардың айтуынша, марқұм бұған дейін де бірнеше рет күйеуінен таяқ жеп жүргенін айтып шағымданған.

Осыдан үш күн бұрын күйеуінің ұрғанын көршілері естіген, айқай-шу шыққан. Бұрыннан «зорлық-зомбылық көріп жүрмін, Қырғызстанға, ата-анамның жанына кетіп қалғым келеді» деп айтатын.  Қыста күйеуіне айтпай, жәрдемақының ақшасына шетелге шығатын төлқұжат жасатқан. Күйеуінен қорлық көріп осындай қадамға барып отыр ғой, - дейді қала тұрғыны Жасмин Бақтығалиева.

10 жылдан аса отасқан жолдасы бұған қандай да бір жауап айтудан бас тартты. Тек жақындары ол күйеуін ақтап шықты.

Оқи отырыңыз:

Ондай ештеңе болған жоқ. Учаскелік полицей келді, бәрін сұрады. Бұл тұрмыстық оқиға. Жоқшылықтың кесірінен болған. Ешқандай қол көтерген емес, - дейді марқұмның күйеуінің туысы.

Айта кетейік, Алматы полициясы бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлімдеді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: