Алматыда 19 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті

9 Маусым 2023, 16:45 765

Алматы облысының Боралдай ауылында 19 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Желіде тараған видеодан 35 жастағы жаяу жүргіншінің көліктен қашу үшін қоршаудан ұстап, жоғары секіргенін көруге болады. Бұл соққыны жеңілдеткенімен, ер адам түрлі дене жарақаттарын алды. 

Облыстық полиция департаменті  оқиға 8 маусымда кешке болғанын нақтылады. Ведомство ұсынған деректерге сәйкес Hyundai көлігінің 19 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. 

Түрлі дене жарақатын алған жәбірленуші Өтеген батыр ауылындағы ауруханаға жатқызылды. Кінәлінің үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі және 612-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – делінген ақпаратта. 

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Процессуалдық шешім тергеу. қорытындысы бойынша қабылданады.

Равиль Ашығали
Бөлісу: