Алматыда 17 жастағы үш турист адасып кеткен

11 Тамыз, 22:21 2393

Бүгін 17 жастағы үш турист Алматы облысы Қарасай ауданында тауға шығып, түсер жолда қиындыққа тап болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Таудан түсіп бара жатқан кезде олардың біреуі өзін нашар сезініп, жолды жалғастыра алмаған кезде, жасөспірімдер ТЖМ-нен көмек сұрауға шешім қабылдады.

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары аумақты жақсы біліп, кәсіби дағдыларының арқасында қалық тұманға қарамастан жасөспірімдерді "Туристер шыңы" етегінен тез тауып алды, - делінген хабарламада.

Перизат Саденова
Бөлісу: