Алматыда 17 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

26 Қыркүйек, 13:16 375

Алматы облысында мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша бірқатар лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының 17 лауазымды тұлғасы мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жоғары аудиторлық палата биыл мамырда өңірдегі тексеру іс-шараларын аяқтады. Аудит барысында ҚР-ның бюджет және өзге де заңнамалары бойынша бірқатар бұзушылықтар анықталды.

Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау шеңберінде облыстың атқарушы органдарының 17 лауазымды тұлғасы бұзушылықтарға жол бергені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Өңірдің басқармаларының бірінің басшысына қатысты қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізілуде.

Сонымен қатар облыс әкімі мемлекеттік аудит кезінде анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Бүгінгі таңда оны іске асыру жалғасуда.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: